457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

16 жасымда Олимпиадада ел намысын қорғау мақтаныш - Асылхан Асан

Бұл Олимпиада маған айрықша эмоциялар сыйлады:

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі 16 жастағы Асылхан Асан Италияда өткен 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған ұлттық құрама сапындағы ең жас спортшы атанды.

Отандасымыз аралас командалар сайысында Қазақстан құрамасымен бірге жетінші орын иеленсе, жекелей сында 18-орынға тұрақтады.

Жас спортшы Олимпиададағы өнерін қорытындылап, бұл дода оның спорттық жолындағы үлкен бастама екенін атап өтті.

«Осылайша менің алғашқы қысқы Олимпиада ойындарым да аяқталды.

16 жаста әлемдік додада елімнің намысын қорғау – мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақстан құрамасындағы ең жас спортшы болу – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Осындай мүмкіндік бұйырғаны үшін Аллаға, отбасыма және командама алғыс айтамын.

Бұл Олимпиада маған айрықша эмоциялар сыйлады: жарыс алдында толқу, адреналин, қуаныш пен мақтаныш. Әрбір секіру – мінездің, өзіңмен күрестің және арманыңа жасалған тағы бір қадамның шағын тарихы.

Бұл – 16 жаста болсаң да, әлемнің ең мықты спортшыларымен бір аренада өнер көрсетуге болатынына деген сенім.

Бұл – тек бастамасы ғана. Алда әлі талай белес бар. Елімнің туын көкке көтеру үшін одан да көп еңбек етемін.

Маған сенім артқан барлық бапкерге, командама, федерацияға, мамандарға және отбасыма шексіз алғыс айтамын. Қолдау білдірген барша жанға рақмет. Мен оны сезіндім», – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Асылхан Асанның бұл жетістігі – қазақстандық жас спортшылар үшін үлкен мотивация. 16 жасында Олимпиада аренасында өнер көрсету – үлкен жауапкершілік пен батылдықтың айқын көрінісі.

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК