457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нұрдәулет Жарылғапов - «Қазақстан Барысы-2025» турнирінің қола жүлдегері

Ол үшінші орын үшін белдесуде ақтөбелік Ерасыл Аманкелдіні айқын басымдықпен жеңді.

Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов «Қазақстан Барысы-2025» турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды malimsports.kz

Елордада өткен дәстүрлі «Қазақстан Барысы-2025» турнирінде Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғапов қола жүлдеге ие болды. Ол үшінші орын үшін белдесуде ақтөбелік Ерасыл Аманкелдіні айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, маңғыстаулық спортшы жартылай финалда Ерасыл Қажыбаевқа жамбас ұпайымен есе жіберген болатын. Ал Ақтөбе облысының өкілі Ерасыл Аманкелді жартылай финалда павлодарлық Марат Байкамуровтан жеңілді.

Осылайша, Нұрдәулет Жарылғапов биылғы додада үздік үштікке еніп, Маңғыстау балуандарының абыройын асқақтатты.

Фото: Ашық дереккөзден