Қазақстан құрамасы Қырғызстанды ұтып, көкпардан турнир жеңімпазы атанды
Өзбекстанда көкпардан өткен беделді халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы топ жарып, турнирдің жеңімпазы атанды.
Финалда қазақстандық көкпаршылар өздерінің басты қарсыластары – Қырғызстан құрамасымен кездесіп, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы тағы бір ірі додада жоғары деңгейін дәлелдеді. Бұған дейін де отандық көкпаршылар Түркістанда өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын.
Айта кетейік, Қазақстанда көкпар, тоғызқұмалақ, бәйге және басқа да ұлттық спорт түрлері олимпиадалық дисциплиналармен теңестірілді.
Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы
Ең көп оқылған