457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көкпардан әлем чемпионатының жартылай финалға шыққан командалар анықталды

Түркістан қаласында өтіп жатқан Көкпардан әлем чемпионаты турнирінде жартылай финалға жолдама алған құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

А тобында барлық үш ойында жеңіске жетіп, 27 салым салған Қазақстан құрамасы топ көшін бастады. Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынмен келесі кезеңге өтті.

В тобында қарсыластарына бірде-бір салым салдырмаған Ауғанстан құрамасы бірінші орын алды. Ресей құрамасы екінші орынмен үздік төрттікке енді.

Осылайша, жартылай финалда Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан және Ресей құрамалары бақ сынайды.

Жартылай финалдық кездесулер 20 наурызда өтсе, 21 наурыз күні жүлделі орындар сарапқа салынып, чемпион анықталады.

Айта кетейік, Көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы өткен болатын. 

 

 

Фото: Көкпар федерациясы