457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көкпар: Қырғыздар келмеген әлем чемпионатында Қазақстан топ жарды

Финалда Қазақстан жəне Өзбекстан командалары кездесті.

Түркістан қаласында көкпардан əлем чемпионаты өз мəресіне жетті. Финалда Қазақстан жəне Өзбекстан командалары кездесті.

Ойын 9:2 есебімен аяқталып, Қазақстан командасы көкпардан əлем чемпионы атанды. Ресей Федерациясынан келген көкпаршыларды 6:0 есебімен жеңген Ауғанстан командасы əлем біріншілігінің қола жүлдесінее ие болды.

Асығыс ұйымдастырылған әлем біріншілігіне Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тəжікстан, Өзбекстан, Түркия жəне Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы келді.

Бүкілəлемдік Көкпар қауымдастығының президенті Данияр Қобыландин:

«Əлем чемпионатына қауымдастыққа мүше 12 елдің құрамасы шақырылып, оның тоғызы қатысты. Сонымен қатар, биыл Ауғанстан командасы да келіп, қауымдастыққа мүше болуға өтінім берді. Біз шетелдік көкпаршылардың деңгейі жыл санап өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Ойынның əділ өтуі үшін əр елден төрешілер тартылды. Біздің басты мақсатымыз – көкпардың географиясын кеңейтіп, оны барынша қауіпсіз, халықаралық деңгейдегі спорт түріне айналдыру», – деді ол.

Дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 30 000 000 теңгені құрады. Əлем чемпионы атанған Қазақстан командасына – 15 миллион теңге, күміс жүлдегер Өзбекстан командасына – 7,5 миллион теңге, қола жүлдегер Ауғанстан командасына – 4,5 миллион теңге жəне төртінші орынға ие болған Ресей Федерациясы командасын 3 миллион теңге ақшалай жүлде табыс етілді.

Фото: Қазақстан көкпар федерациясы