Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында ұйымдастырылатын жазғы Азия ойындарының қарсаңында садақ атудан ұлттық құраманың өкілдері Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында бас қосты, деп хабарлайды malimsports.kz.
18 тамыз - 3 қыркүйек аралығында өтетін жиында ұлттық құрамадан 24 спортшы шақыртылды.
Жалпы алдағы бәсекеде ел намысын классикалық және блоктық садақ атудан 12 спортшы жүлдеге таласады.
Биылғы Азия ойындарының басты ерекшелігі - садақ атудан чемпион атанған спортшылар Лос-Анджелес Олимпиада ойындарының лицензиясына ие болады.
Айта кетейік, жерлестеріміз қыркүйектің басында Оңтүстік Корея аттанып, артынша Жапонияға жол тартады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы