Қазақстан құрамасы садақ атудан әлем кубогына қатысады
Қазақстан құрамасы садақ атудан Испанияның Мадрид қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алдағы жарысқа қатысушылар тізімін халықаралық World Archery федерациясы жариялады.
Қазақстан құрамасының тізімі төмендегідей:
Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Дастан Каримов, Дәулеткелді Жаңбырбай, Медина Мұрат, Алина Тимралиева, Александра Землянова, Самира Жұмағұлова.
Блоктық садақ ату: Ақбарәлі Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Мұса Ділмұхамет, Андрей Тютюн, Виктория Лян, Диана Юнусова, Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 7-12 шілде аралығында өтеді.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған