457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Мықты құрама жасақтадық»: Қазақстан садақшылары Азия ойындарына дайындалып жатыр

Бас бапкердің айтуынша, қазіргі таңда садақ атуда техникалық шеберлікпен қатар, ірі жарыстар кезіндегі қысымға төтеп бере білу де маңызды.

Еліміздің садақ атудан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықты жалғастырып жатыр. Құрлықтық додаға дейін спортшылар елде жаттығып, бапкерлер штабы қалған уақытты жеке дайындық пен шеберлікті жетілдіруге бағыттамақ, деп жазады malimsports.kz

Ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Жолдыбаев Olympic.kz сайтына берген сұхбатында Азия ойындарына қатысатын спортшыларды іріктеу кезінде олардың маусым бойғы нәтижелері, халықаралық жарыстардағы көрсеткіштері, қазіргі спорттық бабына және психологиялық дайындығына басымдық берілгенін айтты.

«Құрамды жасақтау кезінде ең алдымен спортшылардың маусым бойы көрсеткен тұрақты нәтижелеріне мән бердік. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсете алуы да маңызды талаптардың бірі болды», - деді Бауыржан Жолдыбаев.

Бас бапкердің айтуынша, қазіргі таңда садақ атуда техникалық шеберлікпен қатар, ірі жарыстар кезіндегі қысымға төтеп бере білу де маңызды. Сондықтан команда жарысқа жай қатысуды емес, жүлделі орындар үшін күресуді мақсат етіп отыр.

Азия ойындарында Қазақстан намысын классикалық садақтан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Дастан Кәрімов, Александра Землянова, Медина Мұрат және Самира Жұмағұлова қорғайды.

Ал блоктық садақ бойынша ел құрамына Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Мұса Ділмұхамет, Виктория Лян, Адель Жексенбинова және Роксана Юнусова енді.

«Біздің мақсатымыз – жарысқа жай ғана қатысатын емес, жоғары орындар үшін нақты күресе алатын әрі Азия ойындарында Қазақстанның намысын абыроймен қорғайтын мықты құрам жасақтау», - деді бас бапкер.

Қазір ұлттық құрама дайындықтың соңғы кезеңіне назар аударып, спортшылардың жеке көрсеткіштерін жақсартуға күш салып жатыр.

Фото: ҰОК