457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан қазақ күресінен әлем чемпионатын үш алтын медальмен бастады

Қазақстан құрамасы Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы қазақ күресінен әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде үш алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

22-23 тамыз аралығында өтіп жатқан әлем біріншілігінде ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр.

Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына үш алтын медаль түсті. 55 келіге дейінгі салмақта Рузимон Тугушев финалда тәжікстандық Мобориз Боротзоданы жеңіп, әлем чемпионы атанды.

60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Сүлейман шешуші белдесуде грузиялық Джиорджи Инашвилиден басым түсіп, алтын медаль иеленді.

74 келіге дейінгі салмақта Жұмажан Қожамбеков финалда тәжікстандық Мұхамадраджаб Хусейнзоданы жеңіп, Қазақстан құрамасына үшінші алтын жүлдені сыйлады.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Ардақ Нұрсақ 60 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алса, 48 келіге дейінгі салмақта Жанат Қазез қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Бакудегі әлем чемпионатында ерлер мен әйелдер арасындағы барлық 16 салмақ дәрежесінде толық құраммен өнер көрсетіп жатыр.

 

Фото: Ашық дереккөзден

Ең көп оқылған