457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақ күресін 12 ел бірлесе дамытады

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы қазақ күресінен әлем чемпионаты аясында Qazaq Kuresi қауымдастығы мен қатысушы елдердің ұлттық федерацияларының өкілдері бас қосты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесу барысында қазақ күресін халықаралық деңгейде дамыту мәселелері талқыланып, 12 ел ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жиынды Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Мейіржан Берекетов ашып, халықаралық әріптестікті нығайту ұлттық спорттың әлемдік деңгейде дамуына серпін беретінін атап өтті.

– Бүгінгі кездесу ұлттық федерациялар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қазақ күресін халықаралық деңгейде бірлесіп дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз әріптестеріміздің ұлттық спортқа деген қызығушылығын жоғары бағалаймыз және алдағы уақытта бұл байланысты одан әрі кеңейтеміз, – деді Мейіржан Берекетов.

Кездесудің негізгі оқиғасы ұлттық федерациялар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі болды. Құжат қазақ күресін халықаралық деңгейде дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді.

Меморандумға Грузия, Үндістан, Филиппин, Иран, Италия, Қырғызстан, Литва, Молдова, Нидерланд, Польша, Тәжікстан және Индонезия федерацияларының өкілдері қол қойды.

Жиын барысында Индонезиядағы қазақ күресінің дамуына да ерекше назар аударылды. Биыл аталған елдің ұлттық федерациясы United World Wrestling (UWW) ұйымы тарапынан қауымдастырылған ұйым мәртебесін алып, ел аумағында қазақ күресін дамытуға жауапты ресми құрылым ретінде танылды.

Осыған байланысты UWW техникалық делегаты Онур Шимшек Индонезия федерациясына халықаралық ұйымның ресми сертификатын табыстады.

Бакуде өткен кездесу ұлттық федерациялар арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, қазақ күресінің халықаралық географиясын кеңейтуге бағытталған ортақ жұмыстың жалғасатынын көрсетті.

 

Фото: Qazaq Kuresi қауымдастығы

Ең көп оқылған