457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жүзуден Қазақстан құрамасы АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзгіштер АҚШ-тың Гринсборо қаласында өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетіп, 13 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды malimsports.kz.

София Абубакирова 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде жеңімпаз атанса, 50 метрге шалқалап жүзуден қола жүлде иеленді. Сондай-ақ ол 4×50 және 4×100 метрге еркін стильдегі, 4×50 метрге аралас эстафеталарда алтын медаль жеңіп алды.

Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бірінші орынға ие болды. Ол 200 метрлік баттерфляй сайысында күміс, ал 50 метрлік бәсекеде қола жүлдегер атанды. Бұдан бөлек, қазақстандық спортшы 4×50 және 4×100 метрге еркін стильдегі, сондай-ақ 4×100 метрге аралас эстафеталарда алтын медаль еншіледі.

Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуден топ жарды. Сонымен қатар ол 4×50 метрге еркін стильдегі және 4×50 метрге аралас эстафеталарда жеңімпаз атанды.

Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ 4×50 метрге еркін стильдегі және 4×50 метрге аралас эстафеталарда жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

 

Фото: ҰОК