Қытайдың Тайюань қаласында таеквондодан әйелдер арасында ашық әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.
28 тамызда басталатын додада ел намысын тоғыз спортшы қорғайды:
46 кг: Айдана Құмартаева, Жанель Сұлтанғалиева, Тоғжан Өмірзақ
49 кг: Нұрай Бауыржанова, Адель Жанділдинова
57 кг: Мария Севостьянова
62 кг: Айша Әділбекқызы
67 кг: Аружан Найманбаева
73 кг: Нұрай Хусаинова
Айта кетейік, әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады.
Фото: ҰОК