Олимпиада чемпиондары үйленетіндерін мәлімдеді
2026 жылғы Олимпиаданың мәнерлеп сырғанаудан жұптық чемпиондары Рику Миура мен Рюити Кихара үйленетіндерін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы жапониялық спортшылар Instagram желісіндегі ресми парақшалары арқылы мәлімдеді.
Уақыт өте келе бір-біріміз үшін өте маңызды адамдарға айналдық. Енді бір-бірімізсіз өмірімізді елестете алмаймыз, – деп жазды олар.
Рику Миура мен Рюити Кихара 2019 жылдан бері жұп болып өнер көрсетіп келеді. Қазір Миура 24 жаста болса, Кихара 34 жаста.
2026 жылы Италияда өткен Олимпиадада жапониялық жұп еркін бағдарламада 158,13 ұпай жинап, әлемдік рекорд орнатты. Осы нәтижемен олар Жапония тарихындағы жұптық мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы спортшылар атанды.
Айта кетейік, Рику Миура мен Рюити Кихара биылғы сәуір айында спорттық мансаптарын аяқтағанын жариялаған болатын. Олар мансап барысында екі дүркін әлем чемпионы атанып, Олимпиада ойындарының командалық сайысында екі мәрте күміс жүлдеге ие болды.
Фото: Joosep Martinson / Getty Images
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған