457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жүзу спорты мектеп бағдарламасына енгізілмек

Баландиннің айтуынша, мұндай бастама балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін аса маңызды

Қазақстанда мектеп оқушылары жүзуді міндетті түрде үйренуі мүмкін. 2026 жылдан бастап Алматы мен Астанадағы орта білім беру жүйесіне жүзу сабағын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мәлімдеді.

Баландиннің айтуынша, мұндай бастама балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін аса маңызды.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2024 жылы әлемде 235 мыңнан астам адам суға батып қаза тапты. Оның 82 мыңы – 1 жастан 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл көрсеткіш жүзу дағдысын және суда қауіпсіздік ережелерін ерте жастан үйретудің маңыздылығын дәлелдейді», –  деді ол.

Жоба аясында жүзу сабағы дене шынықтыру пәнінің бір бөлігі ретінде енгізіледі. Алдымен бұл жүйе елдің екі ірі қаласында пилоттық режімде іске қосылады, кейін бүкіл республика бойынша таратылады.

«АҚШ, Австралия, Мажарстан сияқты елдерде бұл тәжірибе ұзақ жылдар бойы қолданыста. Олар жүзуден әлемдік көшбасшылар саналады және балаларды мектептен бастап жүзуге міндетті түрде үйретеді. Біз де осы бағытты қолға алып отырмыз», –  деді Баландин.

Оның сөзінше, жоба балалардың суда өзін қауіпсіз ұстау дағдысын қалыптастырып қана қоймай, спортқа деген қызығушылығын арттыруға сеп болады.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда жыл сайын жүздеген адам суға кетеді. Сарапшылардың пікірінше, осы бастама бұл көрсеткішті айтарлықтай төмендетуге көмектесуі мүмкін.

Фото: kuzbass.aif.ru