Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Таиландтың Бангкок қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жібек Құлымбетова алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, Ж.Құлымбетова 48 келіге дейінгі салмақта отандасы Райхан Абдуллаевамен белдесті. Олардың екеуі де Алматы облысынан еді. Осылайша, елуден астам мемлекет өкілдері қатысып жатқан жарыстың алғашқы күні Қазақстан қоржынына қос жүлде түсті.
Мақсат Мұратұлы жаттықтыратын Жібек Құлымбетова тұңғыш рет ересектер арасында топ жарды. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында 11 дүркін әлем чемпионы атанған еді.
Бангкок қаласында 18 жасымда алғаш рет ересектер арасында әлем чемпионатына қатысып, төрт кездесу өткізіп, жеңімпаз атандым. Бұл жеңіс – тек бір күннің еңбегі емес. Бұл – 9 жылдық табандылықтың, тәртіптің, сенімнің жемісі. Кеше ғана жасөспірімдер арасындағы жарысқа қатысып жүруші едім, бүгін финалда өз елімнің спортшысымен кездесіп, жеңіс тұғырынан көрініп, көк туымды көтердім, - деді Ж.Құлымбетова.
Фото: Джиу-джитсу федерациясы
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған