ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдегі спорттық дәстүрді сақтау және дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әкімнің айтуынша, Жезқазғандағы ескек есу мектебі көп жылдар бойы чемпиондар даярлайтын орталық болып келеді. 1969 жылдан бері мұнда халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Олимпиада ойындарының қатысушылары, Азия және Қазақстан чемпиондары тәрбиеленген.
Бұл спорттық дәстүрді жалғастырып, нығайту мақсатында Жезқазғанда жыл соңына дейін ескек есу спорт түрлеріне арналған жаңа спорт кешенінің құрылысы аяқталады, – деді облыс әкім.
Сонымен қатар биыл Жезқазған қаласында көпсалалы денешынықтыру кешені мен Шахмат академиясы, Қаражал қаласында жабық жүзу бассейні, ал Сәтбаев қаласында ангар типтес спорт кешені пайдалануға берілді.
Фото: ОҚҚ