Өскеменде өткен әйелдер арасындағы ұлттық лига кіші туры аясында Қазақстан Суперкубогының иегері анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шешуші матчта елдің тоғыз дүркін чемпионы «Жетісу» (Талдықорған) мен Қазақстан кубогының иегері «Тұран» (Түркістан) кездесті.
Кездесу талдықорғандықтардың айқын басымдығымен өтіп, «Жетісу» 3:0 (25:22, 25:22, 25:17) есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, «Жетісу» клубы Суперкубокты бесінші рет иеленді. Бұған дейін команда 2015, 2018, 2019 және 2024 жылдары жеңіске жеткен.
Қазіргі таңда Қазақстан чемпионатында да «Жетісу» көш бастап тұр. «Қуаныш» (СҚО) екінші, «Берел» (Өскемен) үшінші орында. Ал «Тұран» биыл жүлделі орындар үшін күресуге дайын екенін көрсетті.
Фото: vc_zhetysu