Қазақстандық «Жетісу» волейбол клубы Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы клубтар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы матчқа шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандық команда алғашқы ойында Италияның «Савино Дель Бене» клубымен кездесті. Кездесу 3:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды (25:22, 25:21, 25:20).
А тобындағы келесі ойында «Жетісу» Перудің «Альянса Лима» клубымен өзара мықтыны анықтайды.
Фото: ҰОК