457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жерлестеріміз пара велоспорттан Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Филиппин, Таиланд және БАӘ құрамалары қатысты.

Филиппин елінде өткен пара велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әйелдер арасында Жұлдыз Кайнарова (стокер) мен Анжела Соловьева (пилот) 4 км жекелей жарыста чемпион атанып, 1000 метр гит дисциплинасында қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Полина Братчикова (пилот) мен Анастасия Калаус (стокер) 4 км қашықтықта қола медаль жеңіп алса, спринттік жарыста күміс жүлдені еншіледі.

Ерлер арасында 4 км дистанцияда Руслан Алиев (пилот) пен Наиль Ермуханбет (стокер) күміс медальға қол жеткізді.

Командалық микс сайысында Кенжеғұл Сейтжан (стокер), Сұлтанмұрат Миралиев (пилот), Анастасия Калаус (стокер) және Полина Братчикова (пилот) құрамасы күміс жүлде иеленді.

Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 25 наурыз бен 1 сәуір аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Филиппин, Таиланд және БАӘ құрамалары қатысты.

Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы