457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жеңістен жеңіске: 2025 жыл Қазақстан спорты үшін табысты кезең болды

Бұл өткен жылмен салыстырғанда жалпы жүлде санын 18 пайызға арттырған.

2025 жыл Қазақстан спорты үшін нәтижесі мен ауқымы жағынан рекордтық жылға айналды. Туризм және спорт министрлігінің дерегінше, қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда 1006 медаль жеңіп алды, деп жазады malimsports.kz

Оның 300-ден астамы – алтын, бұл өткен жылмен салыстырғанда жалпы жүлде санын 18 пайызға арттырды.

Олимпиадалық спорт түрлерінде, әсіресе бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және таэквондо бойынша ұлттық құрамалар әлемдік және құрлықтық ареналарда тұрақты нәтиже көрсетті. Командалық спортта да айтарлықтай серпіліс байқалып, «Қайрат» ФК-ның Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуы ел футболы тарихындағы маңызды жетістік болды.

Бұқаралық спортты дамыту бағытында спортпен тұрақты айналысатын азаматтар үлесі 40 пайыздан асты, ауыл-аймақтарда жаңа спорт нысандары пайдалануға берілді. Сонымен қатар, параспорт саласында да қазақстандық спортшылар халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетті.

Фото: ҰОК