Мәзір
Жаңалықтар

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы АҚШ-та екі чемпиондық белдікті жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 53 қаралым
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы АҚШ-та екі чемпиондық белдікті жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов АҚШ-тың Мэриленд штатында өткен бокс кешінде екі чемпиондық титулды иеленді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

26 жастағы спортшы екінші жеңіл салмақта WBC Continental Americas және North American Boxing Association нұсқалары бойынша бос тұрған белдіктер үшін колумбиялық Альбейро Паредеспен жұдырықтасты.

Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Евгений Павлов қарсыласын нокаутпен жеңді.

Осылайша қазақстандық боксшы кәсіби мансабындағы 12-жеңісіне қол жеткізді. Оның еншісінде сегіз нокаут бар. Ал Альбейро Паредес кәсіпқой рингтегі үшінші жеңілісіне ұшырады.

Фото: Sports.kz.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар