Мәзір
Жаңалықтар

Жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстан дзюдошылары жалғыз жүлдені қанағат тұтты

Сабина Асқарқызы 178 қаралым
Жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстан дзюдошылары жалғыз жүлдені қанағат тұтты

Перудің Лима қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жекелей сайысы өз мәресіне жетті, деп жазады malimsports.kz. 

Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде бір жүлдемен көзге түсті.

Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ 100 келіге дейінгі салмақта Асқар Біржанов та жүлдеге бір қадам жақын болды. Алайда ол қола медаль үшін өткен белдесуде Өзбекстан спортшысы Мұхаммадали Зоировқа есе жіберді.

Енді ұлттық құрамамыз аралас командалық жарыстарға қатысады.

Фото: IJF

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар