Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық джиу-джитсу шебері Рафаэль Орумбаев күміс медаль иегері атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы финалға дейін сәтті жетіп, шешуші белдесуде қырғызстандық Рамазан Тиянгубермен күш сынасты.
Ақтық сында қарсыласына жол берген Рафаэль Орумбаев жасөспірімдер Азиадасын күміс жүлдемен қорытындылады.
Фото: ҰОК