Мәзір
Жаңалықтар

Жасөспірімдер Азиадасы: боксшы Санжар Матасов қола жүлдеге ие болды

Сабина Асқарқызы 166 қаралым
Жасөспірімдер Азиадасы: боксшы Санжар Матасов қола жүлдеге ие болды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Санжар Матасов финалға жолдама ала алмады, деп хабарлайды

malimsports.kz.

Қазақстан ҰОК мәліметінше, спортшымыз 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жеткен. Бұл кезеңде Санжар Өзбекстан өкілі Диербек Муродилоевпен жұдырықтасты.

Төрешілердің шешімі бойынша жеңіс өзбек боксшысына берілді. Осы нәтижеге сәйкес, Санжар Матасов турнирді қола медальмен аяқтады.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар