Қазақстандық спортшы Әлиям Әзізова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында пенчак силат спорт түрінен қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әлиям жартылай финалда Филиппин елінің өкілі К. Карпиомен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте қарсыласы 27:46 есебімен жеңіске жетті.
Осы нәтижемен жас спортшы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алып, Қазақстан құрамасының қоржынын толықтырды.
Айта кетейік, пенчак силат — Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кең тараған дәстүрлі жекпе-жек өнері. Соңғы жылдары бұл спорт түрімен қазақстандық жасөспірімдер де белсенді түрде айналысып, халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп жүр.
Фото: ҰОК