Жас дзюдошылар әлем чемпионатынан бес жүлде алды

Болгария астанасы Софияда өткен кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін табысты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлттық құраманың еншісінде - бір алтын, бір күміс және үш қола медаль.
60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлде еншіледі.
Ал 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов қола медальға қол жеткізді.
Жарыста басты сенсацияны Өзбекстан құрамасы жасады. Олар 5 алтын және 3 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Фото: ҰОК

Ең көп оқылған
