«Жақсы адамдар жинаппын»: Жәнібек Әлімханұлы қазақ жанкүйерлерін шетелдіктермен салыстырды
Допинг дауына ұшыраған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне ризашылық білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
1bol.kz-тің жазуынша,ол қазақ жанкүйерлерін шетелдіктермен салыстырып, қандай жағдайда да қолдау білдіретінін жеткізді.
«Қолдап жатқан спортшы бауырларым мен жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын! Шетелдіктер дауға қуанып жатқанда, өз қазағым оларға қосылмай, жатқа жығып бермей, қасымнан табылып, таза екенімізге сенім білдіріп жатқаны жаныңа демеу болады екен! Менің бір қуанатыным, бокс манасабымда жаман жанкүйер жинамаппын! Мен қазаққа болысатын, қазақ үшін жаны ауратын, қазаққа жақтасатын жанкүйер жинаппын! Менің жанкүйерлерім тек көк туды желбіреткенде ғана қасымнан табылатын емес, қиындықта да қолдайтын жанкүйер екен! Бұл түсіне білгенге спортшы үшін үлкен бақ!», - деп жазды боксшы.
Жәнібек Әлімханұлы өткен аптаның соңында кубалық Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек алдында допинг сынамасын тапсырып, оң нәтиже көрсеткен болатын.
Отандасымыз бүгінге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін иеленді. Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Сан-Антонио қаласында өтеді деп жоспарланған.
Фото: Ашық дереккөзден
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған