457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұлға Астанада құрмет көрсетілді

Ол Жапониядағы Император кубогы турнирінде алғаш рет көш бастап, тарихи нәтижеге қол жеткізген болатын.

Жапонияда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл қазақстандық спортшылармен және жас балуандармен жүздесті.

Бұл туралы Qazaq Kuresi ассоциациясы бас директоры Мейіржан Берекетов мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпқой сумошымен өткен басқосуда халықаралық тәжірибе алмасу, кәсіби спорттағы тәртіп пен дайындық жүйесі, сондай-ақ қазақ күресінің жаһандық аренадағы әлеуеті кеңінен талқыланған.

Жиынға 2024 Summer Olympics қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, сондай-ақ танымал дзюдошылар Шархан Нұрлыхан мен Абылайхан Жұбаназар қатысты.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Токиода Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерсін Балтағұлмен жүздескен еді. Жапонияда Кимбозан лақап атымен танылған отандасымыз он жылдан бері сумомен кәсіби түрде айналысып келеді. Ол Жапониядағы Император кубогы турнирінде алғаш рет көш бастап, тарихи нәтижеге қол жеткізген болатын.

Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі