457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы үшін маңызды айқастың күні ресми жарияланды

Бұл кездесу қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының болашағына тікелей әсер етпек.

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап

Бұл кездесу қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының болашағына тікелей әсер етпек.

4 сәуір күні Лондондағы әйгілі O2 Arena аренасында (Ұлыбритания) британиялық Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) мен венесуэлалық Эндри Сааведра (17-1-1, 14 КО) қолғап түйістіреді. Қазіргі таңда WBO нұсқасы бойынша орта салмақ рейтингінде Бентли бірінші, ал Сааведра екінші орында тұр.

Аталған айқастың жеңімпазы орта салмақтағы WBO толыққанды чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуі тиіс.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) допинг-сынамада мельдоний табылуына байланысты бір жылға дисквалификацияланған болатын. Оның спорттан шеттетілу мерзімі 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жалғасады. Осы мерзім аяқталған соң, қазақстандық боксшы уақытша чемпион белбеуінің иесімен міндетті түрде жұдырықтасуы керек.

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Бентли 2022 жылы рингте кездескен. Ол жолы «Қазақ стилі» лақап атымен танымал Жәнібек 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.

Алдағы айқас нәтижесі орта салмақтағы белбеу тағдырын шешетін маңызды кезең болмақ.

Фото: ҚР ҰОК