Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан құрамасының чемпионымен спарринг өткізді
Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Нұрқанат Райыспен бірге рингке шығып, спарринг өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Рақмет, бауырым, тамаша спарринг болды», - деп жазды Әлімханұлы Instagram-дағы жазбасында.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы допинг-сынақтан оң нәтиже көрсеткеніне байланысты дисквалификация мерзімін өтеп жатыр. Оның жарыстардан шеттетілуі осы жылдың желтоқсанына дейін жалғасады. Дәл осы айда қазақстандық боксшы титулын міндетті түрде қорғауы тиіс. Оның қарсыласы - Ұлыбританиялық уақытша чемпион Дензел Бентли болады.
Маңғыстау облысының өкілі Нұрқанат Райыс жақында Алматыда өткен Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінда 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Фото: Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған