457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жаңаөзенде дзюдодан жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды

Жас татами шеберлерінің басты додасына Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ еліміздің 17 облысынан келген 551 дзюдошы қатысып, төрт күн бойы сынға түсуде.

 
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дзюдодан 2006-2008 жылдары туған жас спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында алғашқы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

 Жас татами шеберлерінің басты додасына Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ еліміздің 17 облысынан келген 551 дзюдошы қатысып, төрт күн бойы сынға түспек. 

-60 кг
1.Әлішер Тұрсынәлі (Алматы облысы)
2.Алтынбек Қонысбай (Жамбыл облысы)
3.Нұрдос Досберген (Жамбыл облысы)
3.Ернұр Батырғали (Түркістан облысы)

-66 кг
1.Ролан Қайырғали (Атырау облысы)
2.Санжар Ханафин (Қарағанды қаласы)
3.Қайырхан Абдрахман (Түркістан облысы)
3.Мұхамедәлі Жылқайдар (Алматы облысы)

-52 кг
1.Нұрбала Зайнул (Түркістан облысы)
2.Сандуғаш Темірбек (Ақмола облысы)
3.Гүлхан Шыңғысхан (Атырау облысы)
3.Аяулым Қайрат (Қарағанды облысы)
Айта кетейік, бүгінде елімізде дзюдо спорты қарқынды дамып келеді. Әсіресе, былтырғы Париж Олимпиадасынан кейін Қазақстанда дзюдо жаңа белеске көтерілді. Бұл спорт түріне қызығушылық едәуір артқан. Статистикаға сүйенсек, елімізде шамамен 90 мың адам дзюдо секциялары мен үйірмелеріне қатысады, ал оларды 1300-ге жуық жаттықтырушы дайындайды.

Фото: ҰОК