Мәзір
Жаңалықтар

Жаңаөзенде дзюдодан жастар арасында ел чемпионаты өтеді

Сабина Асқарқызы 130 қаралым
Жаңаөзенде дзюдодан жастар арасында ел чемпионаты өтеді

Жаңаөзенде 11-14 желтоқсан күндері дзюдододан жастар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Бұл туралы еліміздің дзюдо федерациясы мәлімдеді. Ел біріншілігіне 2006-2008 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады. Төрт күнге созылатын Қазақстан Чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 621 жас дзюдошы тіркелген.
Айта кетерлігі, қатысушылар арасында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ернұр Батырғали мен әлем чемпионатының жүлдегерлері Қайырғали Ролан, Мұхамедәлі Жылқайдар бар.
Қазақстан Чемпионаты нәтижесінде 2026 жылғы жаңа спорт маусымына Қазақстан жастар құрамасы жасақталады.

Фото: ҚР дзюдо дедерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар