Халықаралық чирлидинг одағы-ның негізін қалаушы әрі президенті болған Джефф Уэбб 76 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қайғылы хабарды Уэбб құрған Varsity Spirit компаниясының баспасөз қызметі жариялады. The New York Times мәліметінше, ол ауыр бас-ми жарақатын алған қайғылы оқиға салдарынан көз жұмған.
Джефф Уэбб еңбек жолын чирлидинг нұсқаушысы ретінде бастап, 23 жасында Дүниежүзілік чирлидинг қауымдастығы ұйымының бас директоры қызметіне тағайындалған. Кейін оның Varsity Spirit компаниясы 2004 жылға қарай көпмиллиондық табысқа жетіп, чирлидингке арналған жабдықтар нарығының 90 пайызын бақылаған.
2014 жылы компаниясын сатқаннан кейін, Уэбб Халықаралық чирлидинг одағын құрып, бұл спорт түрін Олимпиада бағдарламасына енгізуге күш салды.
2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті чирлидингті уақытша Олимпиадалық спорт түрі ретінде мойындағанда, Уэбб бұл жетістікті «өмірімнің шыңы» деп бағалаған.
Қазіргі таңда чирлидинг әлі Олимпиада ойындарының ресми бағдарламасына енбегенімен, оны 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасы аясында қосу мәселесі қарастырылып жатыр.
Фото: Getty Images