457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жалғас Жұмағұлов үшінші әйел алуға ниетті екенін атады

Спортшының бұл мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түсті. 

Қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов екі әйелі мен жеті баласы бар екенін айтып, алдағы уақытта үшінші әйел алуды жоспарлап жүргенін мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz

Спортшының бұл мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түсті. 

Жұмағұлов Home of Fight атты танымал YouTube арнасына берген сұхбатында аталған жағдайды аудармашы арқылы жеткізді. Оның сөзінше, қазіргі таңда екі әйелінен жеті бала тәрбиелеп отыр, алайда мұнымен тоқтауды ойламайды.

«Енді ғана бастап жатырмын! Жақында үшінші әйел аламын», - деп әзіл аралас жеткізді.

Журналист нақтылап сұраған кезде, бұл ойының шын екенін растады. Сонымен қатар ол қазіргі екі жұбайы да бұл жағдайға қарсы емес екенін айтты.

Аталған сұхбаттың үзіндісі әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың наразылығын тудырған. Ол өз пікірін Instagram желісінде жариялады. 

«Бұл мақтанудың мәнін түсінбедім. Екі әйелің, жеті балаң бар екен - өзің біл. Бірақ Қазақстан зайырлы мемлекет, ал көп әйел алуға заң жүзінде тыйым салынғанын ұмытпау керек», - деп жазды Сатыбалдинова.

Оның пікірі желі қолданушылары арасында да қолдау тапты.

Фото: Getty Images