Жағажай волейболынан ұлттық құрама Азия ойындарында өнер көрсетті
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары аясында жағажай волейболынан іріктеу сайысы басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
20 қазанда ұлттық құрама топтық кезеңде төрт матч өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті.
Қыздар құрамасынан Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет алдымен Шри-Ланканы 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін қазақстандықтар Қатар құрамасынан да 2:0 есебімен басым түсті.
Ұлдар арасындағы жұптық сайыста Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш алғашқы ойында Моңғолияны 2:0 есебімен ұтты. Кейін қазақстандық жағажай волейболшылары Қытай құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған