Мәзір
Жаңалықтар

Юлия Путинцева Аустралиядағы жарысты сәтті бастады 

Сабина Асқарқызы 158 қаралым
Юлия Путинцева Аустралиядағы жарысты сәтті бастады 

Қазақстанның екінші, әлемнің 105-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына жолдама алды, де хабарлайды malimsports.kz. 
Қазақпараттың жазуынша, доданы іріктеу сайыстарынан бастаған Ю.Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 93-ракеткасы, мажарстандық Далма Галфиге тап келді.

Қарсыластар осыған дейін екі рет кездесіп, онда Путинцева жеңген еді. 

Бұл жолы екі сет те 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.

Сағат жарымға созылған бәсекеде Путинцева 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың екеуін мүлт жібермеді. Галфи 4 эйс жасағанымен, 2 брейк-пойнтты пайдалана алмады.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, америкалық Эмма Наварромен таласады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 222-орындағы Дмитрий Попко Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысында әлемнің 113-ракеткасы, америкалық Маккензи Макдональдқа тартысты матчта жол берді – 7:6 (7:4), 4:6, 5:7. 

Фото: ҚТФ

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар