457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Олар төрешілердің қорытындысы бойынша 186.1867 ұпай жинап, құрлық біріншілігінің вице-чемпионы атанды.

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жас ерекшелігі бойынша әртістік жүзуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Аралас жұптық техникалық бағдарламада өнер көрсеткен қазақстандық спортшылар Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов күміс медаль иеленді. Олар төрешілердің қорытындысы бойынша 186.1867 ұпай жинап, құрлық біріншілігінің вице-чемпионы атанды.

Бұл бағдарламада Қытай құрамасының өкілдері Чинхи Жин мен Зиан Ванг 214.9208 ұпаймен чемпион атанса, Малайзияның Менг Тинг Леонг пен Хао Женг Ву жұбы 139.1258 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, дәл осы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына тағы екі жүлде түсті. Виктор Друзин техникалық соло бағдарламасында Азия чемпионы атанса, жұптық сайыста Мақпал Қалмұрза мен Даяна Джаманчалова күміс медаль жеңіп алды.

Осылайша, Бангкоктағы Азия чемпионатында қазақстандық әртістік жүзу шеберлері жоғары нәтижелер көрсетіп, ел қоржынына кезекті жүлделерді салды.

Фото: Ашық дереккөзден