457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ХОК трансгендер спортшыларға әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға тыйым салды

Енді жаңа талап бойынша спортшы әйелдер міндетті түрде генетикалық тексерістен өтеді. 

Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылдан бастап Олимпиада ойындарындағы әйелдер жарысына тек өз жынысын генетикалық тест арқылы растаған спортшылар ғана қатыса алатынын мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz

Енді жаңа талап бойынша спортшы әйелдер міндетті түрде генетикалық тексерістен өтеді. SRY гені теріс нәтиже көрсетсе қатысуға рұқсат беріледі

Ал оң нәтиже болған жағдайда (ерекше сирек жағдайлардан басқа) әйелдер санатында өнер көрсетуге тыйым салынады. 

ХОК сирек кездесетін жағдайларға мысалы, Андрогенге толық сезімсіздік синдромы немесе жыныстық дамудың басқа да ерекшеліктері (DSD) бар спортшыларға ерекше тәртіп қолданылатынын атап өтті.

Бұл ереже 2028 жылдан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ, бұрынғы нәтижелерге әсер етпейді. Әрі әуесқой және бұқаралық спортқа қатысты емес болып отыр. 

Осы өзгерістерден кейін трансгендер спортшылар мен ерлер хромосомасы бар, бірақ андрогенге сезімтал спортшылар әйелдер арасындағы жарыстарға қатыса алмайды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 2024 кезінде алтын медаль жеңіп алған боксшылар - Иман Хелиф пен Линь Юйтин бұған дейін хромосомалық дауға байланысты сынға іліккен еді. Кейін жаңа ұйым - World Boxing генетикалық тестілеуді міндетті етті.

Қазіргі таңда Иман Хелиф бұл талапқа қарсы шағымданып, істі Спорттық арбитраж соты арқылы қарастыруға тырысып отыр. 

Фото:  Getty Images