457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ХОК әйелдер жарыстарында трансгендер спортшылардың қатысуына тыйым салмақ

Жаңа саясаттың ресми түрде жариялануы Италияда өтетін Олимпиада ойындары кезінде ХОК сессиясында күтіліп отыр.

The Times басылымы Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) 2026 жылдың басында трансгендер спортшылардың әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына ресми түрде тыйым салуды жоспарлап отырғаны туралы жазды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл шешім ерлер мен әйелдердің физикалық айырмашылықтарына қатысты толық ғылыми қорытынды дайын болғаннан кейін қабылданады деп күтілуде. Өткен аптада ХОК-тың медициналық және ғылыми директоры Джейн Торнтон әйелдер спортына трансгендерлердің қатысуы бойынша алғашқы ғылыми шолудың нәтижелерін таныстырған. Оның баяндамасы нақты деректер мен дәлелдерге сүйенгені үшін оң бағаланған.

Жаңа саясаттың ресми түрде жариялануы Италияда өтетін Олимпиада ойындары кезінде ХОК сессиясында күтіліп отыр. Қазіргі ережеге сай трансгендер спортшылар әйелдер жарыстарына қатыса алады, алайда түпкілікті шешім халықаралық спорт федерацияларының құзырында.

Еске салайық, Токиодағы Олимпиадада алғаш рет трансгендер спортшы жаңа зеландиялық ауыр атлет Лорел Хаббард әйелдер арасындағы 87 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Ол сәтсіздікке ұшырап, бірде-бір көтеруді орындай алмады.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында 66 келі салмақта бокстан чемпион атанған алжирлік Иман Хелифтің жыныстық тест нәтижесі дау тудырған еді. Тексеру кезінде оның жатырсыз, ал ішкі жыныс бездері ерлерге тән екені анықталған. Хромосомалық талдау Хелифтің XY кариотипін, ал гормондық тест ерлерге тән жоғары тестостерон деңгейін көрсеткен.

ХОК президенті Кирсти Ковентри ұйымның басты мақсатының бірі – әйелдер спортының әділдігін қорғау екенін атап өтті.

Фото: Станислав Красильников/ ТАСС