Мәзір
Жаңалықтар

XDS Astana Team «Тур де Франс – 2026» жарысына қатысатын құрамын жариялады

Сабина Асқарқызы 71 қаралым
XDS Astana Team «Тур де Франс – 2026» жарысына қатысатын құрамын жариялады

XDS Astana Team велокомандасы маусымдағы ең беделді әрі ең ірі көпкүндік жарыс – «Тур де Франс – 2026» додасына қатысатын құрамын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Биылғы «Тур де Франс» 4-26 шілде аралығында Франция жолдарында өтеді. Әлемнің үздік велошабандоздары бақ сынайтын жарыста XDS Astana Team намысын сегіз спортшы қорғайды.

Команда сапына мына велошабандоздар енді: Давиде Баллерини, Аарон Гейт, Серхио Игита, Макс Кантер, Харольд Техада. Майк Тениссен, Симоне Веласко, және Николя Винокуров.

Айта кетейік, «Тур де Франс» – әлемдік велоспорттағы ең беделді үш көпкүндік жарыстың (Grand Tour) бірі. Биылғы жарыс 4 шілдеде басталып, 26 шілдеде Парижде мәресіне жетеді.

 

Фото: XDS Astana Team

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар