XDS Astana өкілі Франциядағы жарыста мәреге екінші болып келді
XDS Astana велокомандасының өкілі Лудовико Меллано Францияда өтіп жатқан «Крейз Брейз Элит» көпкүндік веложарысының үшінші кезеңінде мәреге екінші болып келді, деп хабарлайды malimsports.kz.
169,7 шақырымға созылған кезең Треварез поместьесінен басталып, Каре қаласында аяқталды. Жарыстың шешуші сәті соңғы өрлеуде өтіп, көшбасшылар тобы жеңіс тағдырын фиништік спринтте анықтады.
Меллано мәреге дейін жеңіс үшін күрескенімен, соңғы сәтте франциялық Юго Миллеге (Mayenne-Monbana-Rapido) жол берді. Үздік үштікті британиялық Адам Митчелл (Vendée U Primeo Energie) түйіндеді.
Жарыстан кейін италиялық велошабандоз үшінші кезеңнің турнирдегі ең ауыр сындардың бірі болғанын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Astana командасының велошабандоздары Испаниядағы жарыста бірінші және үшінші орындарды иеленген болатын.
Фото: Gurvan Gussev / Kreiz Breizh Elites
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған