Халықаралық хоккей федерациясының басшысы қызметінен кетеді
Люк Тардиф Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) президенті қызметінен 2026 жылдың қазан айында кетеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Люк Тардиф бұл қызметке 2021 жылдың қыркүйегінде келіп, Рене Фазельдің орнын басқан еді. Ол жаңа мерзімге қайта сайлануға қатыспайтынын мәлімдеді.
«Біздің спортты, жарыстарымызды, ұйымымызды және құндылықтарымызды осындай күрделі әрі болжап болмайтын кезеңде қорғап, сақтағаныма өте мақтанамын», - деді Тардиф.
Украинадағы әскери қақтығыс басталғаннан кейін IIHF Ресей мен Беларусь құрамаларын өз турнирлерінен шеттеткен болатын. Соның салдарынан ресейлік хоккейшілер Қысқы Олимпиада ойындарын да өткізіп алды.
Халықаралық Олимпиада комитеті (МОК) ресейлік жасөспірімдерді жарыстарға қайтаруды ұсынғанына қарамастан, IIHF 18 жасқа дейінгі ойыншыларды тек 2027/28 маусымында ғана қатыстыру мүмкіндігін қарастыратынын хабарлады.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған