Мәзір
Жаңалықтар

Халықаралық биатлоншылар одағы неміс биатлоншыларын жеңістен айырды

Сабина Асқарқызы 67 қаралым
Халықаралық биатлоншылар одағы неміс биатлоншыларын жеңістен айырды

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Германия құрамасының спортшылары Леонард Пфунд пен Марлен Фихтнерді Әлем кубогының алтыншы кезеңіндегі (Нове-Место, Чехия) сингл-микст жарысындағы жеңісінен айырды. Бұл туралы IBU-дың ресми сайтында хабарланды, деп жазады malimsports.kz. 

Неміс жұбы мәреге бірінші болып жеткенімен, жарыстан кейін қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін дисквалификацияланды. Атап айтқанда, Марлен Фихтнер үшінші кезеңде жатып ату жаттығуынан кейін винтовканы арқасына дұрыс бекітпей, екі қолын да ременьге толық тіркемеген. Бұл - атыс алаңындағы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзу болып саналады.

Нәтижесінде бірінші орын Финляндия спортшылары Суви Минккинен мен Теро Сеппяляға берілді. Екінші орынды Франция құрамасынан Жанна Ришар мен Эмильен Клод, ал үшінші орынды Норвегия өкілдері Юни Арнеклейв пен Мартин Невланн иеленді.

Айта кетейік, бұл жеңіс Пфунд пен Фихтнер үшін Әлем кубогындағы алғашқы алтын медаль болар еді. Сонымен қатар, 22 жастағы Леонард Пфунд бұл деңгейдегі бар-жоғы екінші жарысын ғана өткізіп жатқан болатын.

Фото: Global Look Press

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар