«Халық барысы-2018» турнирінің жеңімпазы көркем фильмге түсті
Қазақ күресінен «Халық барысы-2018» турнирінің жеңімпазы отандық киноға түсті. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсат Қиқымов «Агент и Ирбис» фильмінде полковниктің рөлін сомдағанын айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
1bol.kz-тің жазуынша, ол желіде жазба жариялап, кино әлемінде бағын сынағанын атады. Бұл дебютінде белгілі әртіс Берік Айтжаповпен қатар өнер көрсеткен.
«Кинодағы алғашқы дебютым, қатты сөкпеңіздер», - деп жазды Мақсат Қиқымов.
Мақсат Қиқымов 2015 жыл «Қазақстан барысы» турниріне қатысқан. Кейін ол Алматыда алғаш рет өткен «Халық барысы» турнирінде топ жарып, қазақ күресінен айтулы жетістігіне қол жеткізді.
Спортшы мемлекеттік қызметте де табысты еңбек етті. Ол мегаполисте 2015 жылдан 2019 жылға үш басқармаға жетекшілік етсе, кейін Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды. Ал 2020-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды. Бұдан бөлек, Қиқымов Алматы қалалық қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті лауазымын қатар атқарды.
Фото: Бейнежазбадан скриншот
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған