Хачанов Алматыда чемпиондық атағын қорғай алмады
Карен Хачанов өткен жылы Алматы ATP 250 турнирінде чемпион болса, биыл күтпеген жерден екінші айналымнан аса алмай қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Дүниежүзілік рейтингіде 10-орында тұрған ресейлік теннисші әлемнің 98-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфқа 6:4, 6:7(5:7), 3:6 есебімен есе жіберді.
«Мен неге дайын болу керектігін білдім. Яғни одан не күтуге болатынын білдім. Бәрі өзіңнің ойыныңа, бастапқы ұстанымыңа байланысты, содан әрі қарай көресің. Былайша айтқанда, ол кейбір нәрселерді сәл өзгертті, менен гөрі жақсы жасады. Ал оның ойыны туралы айтсақ, бізде барлық матчтар өте тартысты, ауыр өтті. Әрқашан тай-брейктер, есептер 7:5 немесе 7:6, 6:4, сосын қайтадан 7:6 болып өзгеріп отырды. Мен дәл осындай жағдайда 2019 жылы Парижде одан ұтылып қалдым. Ол сонда үшінші сетте 7:5 есебімен басым түсті. Сондықтан не айтуға болады», - деді ойыннан соң Карен.
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған