457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Хабиб Нурмагомедов Ислам Махачевтің келесі жекпе-жек мерзімін атады

Хабиб бұл туралы «Хасл Шоу» бағдарламасына тілші Адам Зубайраевқа берген сұхбатында мәлімдеді.

UFC-дің бұрынғы чемпионы әрі қазіргі таңда жартылай орта салмақтағы жаңа чемпион Ислам Махачевтің бапкері болып жүрген Хабиб Нурмагомедов шәкіртінің қашан октагонға оралатынын айтты, деп хабарлайды malimsports.kz

Хабиб бұл туралы «Хасл Шоу» бағдарламасына тілші Адам Зубайраевқа берген сұхбатында мәлімдеді. Оның сөзінше, Махачевтің келесі жекпе-жегін 2026 жылы Рамазан айынан кейін күту керек.

«Менің ойымша, ол Рамазаннан кейін жұдырықтасады. Рамазанға үш ай қалды. Егер Рамазанға дейін жекпе-жек өткізгісі келсе, дайындықты қазірден бастау керек. Сондықтан, Рамазаннан кейін шығатыны дұрыс», - деді Нурмагомедов.

Сондай-ақ Хабиб Махачевтің Ақ үйде өтетін турнирге қатысқанын қаламайтынын да жасырмады.

Айта кетейік, жуырда жаңартылған рейтингте Ислам Махачев UFC-дің үздік жауынгері болып қайта танылды. Ал Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы рейтингте біршама төмендеді.

Фото: Ашық дереккөзден