457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

WADA Грузияның антидопинг агенттігіне сенім жоғалтқанын мәлімдеді

Бұл туралы WADA-ның ресми сайтында жарияланды.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Грузияның Грузияның антидопинг агенттігі (GADA) ұйымына деген сенімін жоғалтқанын хабарлады, деп жазады malimsports.kz. 

Бұл туралы WADA-ның ресми сайтында жарияланды.

Мұндай шешімге Грузия регби ұлттық құрамасы ойыншыларының допинг ережелерін бұзуы себеп болған. WADA мен World Rugby ұйымы жүргізген бірлескен тергеу барысында алты ойыншы мен команда қызметкерлерінің бірінің антидопинг талаптарын бұзғаны анықталған.

Тергеу 2023 жылы басталып, «Обсидиан» деген атауға ие болды. Тексеру барысында кейбір ойыншылардың допинг сынамаларын ауыстырған болуы мүмкін деген мәліметтер қарастырылған.

WADA президенті Витольд Баньканің айтуынша, агенттік GADA-ның антидопинг бағдарламасына деген сенімін жоғалтқан. Сондықтан тиісті органдар жүйеде ауқымды өзгерістер жүргізуі қажет.

«Грузия регбиіндегі жағдай алаңдатарлық. Бұл грузин спорты мен үкіметін ғана емес, бүкіл әлемдік регби қауымдастығын да таңғалдыруы мүмкін», - деді Банька.

Қазіргі уақытта WADA грузиялық басқа спортшылардан алынған допинг сынамаларын да қайта тексеру үшін алып, спортшылардың биологиялық паспорттарын сараптамадан өткізіп жатыр.

Фото: Getty Images