457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Вуэльта Испания»: Ромеле XDS Astana Team көшбасшысы атанды

Испаниядағы әйгілі «Вуэльта Испания» көпкүндік веложарысының алғашқы кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

81-ші жарыстың шымылдығы Монакода өткен 9,4 шақырымдық жекелей жарыспен ашылды. Бұл кезеңде UAE Team Emirates – XRG командасының шабандозы Тадей Погачар 10 минут 57 секунд нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Дәл осындай уақыт тіркеген британиялық Итан Хейтер («Soudal Quick-Step») екінші орынға тұрақтаса, оның отандасы Джошуа Тарлинг («Netcompany INEOS») жеңімпаздан төрт секунд қалып, үздік үштікті түйіндеді.

XDS Astana Team сапында ең үздік нәтижені италиялық Алессандро Ромеле көрсетіп, 11-орынға ие болды.

Қазақстандық команда сапындағы өзге шабандоздардың нәтижелері төмендегідей: Виктор Лангеллотти – 29-орын, Харольд Техада – 59-орын, Евгений Федоров – 125-орын, Кристиан Родригес – 143-орын, Хенок Мулубрхан – 155-орын, Даррен ван Беккум – 168-орын және Лоренцо Фортунато – 176-орын.

 

Фото: gettyimages.com

Ең көп оқылған