Мәзір
Жаңалықтар

Волейболды отырып ойнаудан әлем кубогі: Қазақстан құрамасы АҚШ-тан басым түсті

Сабина Асқарқызы 124 қаралым
Волейболды отырып ойнаудан әлем кубогі: Қазақстан құрамасы АҚШ-тан басым түсті

АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында өтіп жатқан волейболды отырып ойнаудан әлем кубогінде Қазақстан құрамасы әзірге барлық кездесуде жеңіске жетіп келеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бауыржан Тахауов баптайтын ұлттық параволейболшылар бұл жолы жарыстың басты фавориттерінің бірі – АҚШ құрамасымен күш сынасты.

Тартысты өткен ойында қазақстандықтар алғашқы екі партияда 27:25 және 25:21 есебімен жеңіске жетті. Кейін алаң иелері есепті теңестіріп, үшінші және төртінші сеттерді 25:22 және 25:17 нәтижесімен өз пайдасына шешті. Алайда шешуші бесінші партияда біздің спортшылар 15:12 есебімен басым түсіп, жалпы есепті 3:2 қылды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. Енді Б.Тахауовтың шәкірттері келесі кездесуде Таиланд командасымен бақ сынайды.

 

Фото: Қазақстан пара волейбол федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар