Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогын жеңіспен бастады
Филиппиннің Кандон қаласында әйелдер арасындағы волейболдан Азия кубогы басталды. Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы матчында Гонконг командасын жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
В тобындағы кездесуде қазақстандық волейболшылар ойын басында қарсыластарына есе жіберді. Бірінші партия Гонконг құрамасының пайдасына 25:20 есебімен аяқталды.
Алайда одан кейін Асқар Шалқыбеков шәкірттері ойын тізгінін өз қолына алып, қатарынан үш партияда басым түсті – 25:17, 25:16 және 25:13. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы матчты 3:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Кездесу барысында Бота Уатаева, Татьяна Яцкив, Кристина Белова, Юлия Фоменко, Валерия Настенко және байланыстырушы Наталья Хазова нәтижелі ойын көрсетті. Ал либеро Әмина Қырықбаева қорғаныста сенімді әрекетімен көзге түсті.
Қазақстандық волейболшылар енді 7 маусымда Индонезиямен, 8 маусымда Иранмен, 11 маусымда Ливанмен және 12 маусымда Вьетнаммен кездеседі. Әр топтан екі үздік құрама плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Айта кетейік, өткен айда Қазақстан құрамасы Непал астанасы Катмандуда өткен Орталық Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған болатын.
Фото: ҚВФ
Бразилияның үздік ойыншыларының бірі әлем чемпионатына қатыса алмайды
Ең көп оқылған